08
Қыркүйек
2022
День языков народа Казахстана
"Алтай қаласының мектеп-лицейі" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты танымдық сабақтар өткізілді. Оқушылар ақынның шығармашылығы мен ғылымға қосқан үлесі туралы зерттеп, білімдерін тереңдетті. Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының "Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының "Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. Оқушылар ақынның өлеңдері мен мысалдарын талдауда белсенділік көрсетті. Ақын - балалар үшін ғана емес, ұстаздар қауымы үшін де аса беделді патриот.