Қазақстанда студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиясы 1 қыркүйектен бастап көбейеді. » КГУ «Школа-лицей города Алтай»
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-лицей города Алтай"
отдела образования по району Алтай
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (72335) 6-16-61
Бухгалтерия:
+7 (72335) 6-01-57
Версия
для слабовидящих
» » Қазақстанда студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиясы 1 қыркүйектен бастап көбейеді.
01
июль
2024

Қазақстанда студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиясы 1 қыркүйектен бастап көбейеді.

Қазақстанда студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиясы 1 қыркүйектен бастап көбейеді.

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады.
Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды.
Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады.
Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15%-ға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды.