Семинар » КГУ «Школа-лицей города Алтай»
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-лицей города Алтай"
отдела образования по району Алтай
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (72335) 6-16-61
Бухгалтерия:
+7 (72335) 6-01-57
Версия
для слабовидящих
14
ноябрь
2017

Семинар

«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану»аясында «Зырян қаласының мектеп-лицейінде» өткен

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық семинары

 

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы

Н. Назарбаев өз сөзінде:«Біз қазір «білім – ғылым - инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз»,- деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені баршамызға түсінікті. Біз оқушының құзіреттілігін арттыру үшін білім сапасын күшейтуіміз керек. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым – қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылық жұмыс жасай білуді және оны тиімді жүзеге асыра білу. Қорыта айтқанда, бағдарламаның мәні – оқушының функционалды сауаттылығын дамыту. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеліп отыр. Оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін ұстаздар қауымы тынымсыз еңбектенуі керек. Аталған бағдарлама аясында қарашаның он алтысы күні «Зырян қаласының мектеп-лицейі» КММ «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану»атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.

Семинардың мақсаты: Зырян ауданы қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдерімен «Білім беру мазмұнын жаңарту» бағдарламасы аясында 5,7 сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен тәжірибе бөлісу. Семинар жұмысы 3 бөлімнен тұрды. Атап айтар болсақ: практикалық, тәжірибе алмасу және қорытынды бөлім (рефлексия). Семинар жұмысы психологиялық тренингтен басталды. Қатысушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тіледі. Практикалық бөлімде «Зырян қаласының мектеп-лицейі» КММ директорының оқу ісі бойынша орынбасары, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сапарғалиева Жанар Ибрагимовна жиынтық бағалаудың тиімді жолдарын көрсету мақсатында 5 – сыныпта ашық сабақ өткізді. Келесі ашық сабақты қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі Маймакова Бағила Зейнелғабиевна 7-сыныпта ұйымдастырды. Бұл сабақ қалыптастырушы бағалаудың әдіс–тәсілдерін көрсету мақсатында өткізілді. Сабақтар соңында рефлексия өткізіліп, сын-пікірлер айтылды. Барлық мұғалімдер сабақтардың жоғары деңгейде өткенін атап көрсетті. Келесі кезекте Ж.И.Сапарғалиева «Критериалды бағалау талаптары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама соңында семинарға қатысушы мұғалімдер өздерін толғантқан сұрақтарға нақты жауап алды. А.З. Кикумова «Қазақ тілі сабақтарын жоспарлауда қолданылатын әдіс-тәсілдер» түрлеріне тоқталып, практикалық тұрғыдан семинарға қатысушы мұғалімдермен ұйымдастырды. Қорытынды бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рефлексиялық дағдыларын дамыту мақсатында Н.М. Шоматова, А.М. Ахметова рефлексияның әртүрлі әдістерін қолдана отырып, жалпы семинар бойынша кері байланыс ұйымдастырды. Семинар соңында сөз алған ұстаздар аталған шараның жоғары деңгейде өткеніне тоқталып, қазақ тілі мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілеп, жақсы тілектерін білдірді. Семинар өз жұмысын сәтті аяқтады.

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. «Зырян қаласының мектеп-лицейінде» өз пәніне жауапкершілікпен қарайтын, болашақ ұрпақ тәрбиесі үшін ұстаздық мамандықты құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер еңбек етуде деп нық сеніммен айтуға болады.

Семинар

 

Семинар

 

Семинар

 

Семинар

 

Семинар

 

Семинар

 

Семинар

 

Семинар