отзыв о референдуме » КГУ «Школа-лицей города Алтай»
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-лицей города Алтай"
отдела образования по району Алтай
Управления образования Восточно-Казахстанской области
Приемная:
+7 (72335) 6-16-61
Бухгалтерия:
+7 (72335) 6-01-57
Версия
для слабовидящих
» отзыв о референдуме
06
май
2022

отзыв о референдуме

Қазіргі таңда еліміз жаңа саяси бағыт алды. Мемлекет басшысы Қ.Токаевтың Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы ұсынысын барша қазақстандықтар жақсы қабылдады. «Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын анықтау ісіне қатысуға мүмкіндік береді» , - дейді Президент Қ.Тоқаев. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясында көрсетілгендей, азаматтардың пікірі ескерілетіні қуантады. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып келеді, сондықтан жаңа заңнамалар, өзгерістер мен толықтырулар керек. Қоғамның өзгеруіне, халықтың билікке деген сенімін күшейтуге Конституцияға енгізілетін өзгерістер ықпал етеді деген ойдамын. «Аманат» партиясының мүшесі және Қазақстан азаматы ретінде 5 маусымда өткізілетін референдумды қолдаймын. Демократиялық қоғам құруға жасалған қадам ретінде референдумның маңызы зор. Өз еркімізді білдіріп, елімізді саяси және экономикалық басқаруға қатысатын мүмкіндікті жіберіп алмай, референдумға қатысу біздің азаматтық міндетіміз деп түсінемін.
"Аманат" бастауыш партиясының төрайымы Аленова Кымбат Биржановна