Семинар
«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» аясында «Зырян қаласының мектеп-лицейінде» өткен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық семинары Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде:«Біз қазір «білім – ғылым - инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз»,- деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін